Оқушылар үш сағатта робот машина құрастырды

Оқушылар үш сағатта робот машина құрастырды

Ағымдағы жылдың 6-7 маусым аралығында Сулейман Демирель атындағы университетінде жыл сайын өтетін халықаралық «INFOMATRIX — ASIA» байқауы өтті. Елімізден жəне өзге елдерден жарысқа 365 өнертапқыш қатысты.  Қатысушылар Robotics Computer, Programming Computer, Art Hardware, Control Systems, Short Movie, Mathematics Project деп аталатын 6 бағыт бойынша жобаларын ұсынды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бұл байқаудың басқалардан айырмашылығы – бір категория бойынша ғана емес, 6 бағыт бойынша өткізілуі. Балалардың IT саласы бойынша қабілеттерін әртүрлі бағыттар бойынша тексеру өте маңызды. Жарысқа 400-ден астам жоба тіркелді. Комиссия мүшелері 165 жобаны іріктеп алды. Байқауға барлығы 365 оқушы қатысты. Олардың жұмыстарын Google, Facebook сияқты әлемдік компанияларды жұмыс істейтін мамандар бағалады.

Robotics Computer бағыты бойынша командасымен І орын алған Ерасыл Қайыпов – Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» мектебінің 10-сынып оқушысы. Оның айтуынша, мұндай жарыстар IT саласы бойынша өзге оқушылармен тәжірибе алмасуға көмектеседі.

«Біз бұл жарыстың болатынын бір ай бұрын білдік. Бірнеше апта бойы Arduino USB базалық платформасы арқылы робот машина құрастырып, байқауға дайындалдық. Бұл жеңіс біздің командамызға тынымсыз еңбектің арқасында келді. Жарыста тапсырманы орындауға 5 сағат уақыт берілді, бірақ біз 3 сағатта робот машинаны құрастырдық. Роботымыз тік төртбұрыш аренада әр бұрышта тұрған заттарды алып, ортадағы сары шеңберге қояды. Оны Bluetooth модуль арқылы телефондағы  қосымшаның көмегімен басқарамыз, белгілі бір градуста қисайта аламыз. Байқауда І орын алғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндай жарыстар бізге өзге мемлекеттің бағдарламалауға қызығатын жас өнертапқыштарымен танысуға, тәжірибе алмасуға көмектеседі», – деп түсіндірді «INFOMATRIX – ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар жарысының жеңімпазы Ерасыл Қайыпов

Ал жеңімпаз команданың мүшесі Әлинұр Тұрдықұл келесі жылы 11-сынып бітіргенде осындай халықаралық байқаулардан алған жетістіктері университетке грантқа түсуге көмектесетіне қуанышты екенін жеткізді.

Шараның ұйымдастырушысы, IT саласының маманы Исмаил Гесанның айтуынша, жылдан жылға жарысқа қатысушы оқушылардың деңгейі жоғарылап, қатысқысы келетін оқушылардың саны артып келеді.

 

Ақпараттық технологиялар саласын дамытуға бағытталған байқау ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен «Білім-Инновация» ХҚҚ ұйымдастыруымен өтті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях