ОҢ БАҒЫТ БАЙЫПТЫ ЖАЛҒАСУЫ ТИІС

ОҢ БАҒЫТ БАЙЫПТЫ ЖАЛҒАСУЫ ТИІС

Қазіргі кезде Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтан өзінің орнын ойып тұрып алды. Қай жағынан болсын, алға басып, даму, іргерілеу үстіндеміз. Бұл бәріміздің де  ертеңгі күнге деген үлкен сенімімізді арттырып отыр.

Бүгін Еуразияның нақ кіндігінде орналасқан, Есілдің бойын ен жайлаған елордада  «Nuг Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп, онда аса маңызды мәселе қаралды.

Съезді ашып, жүргізген партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Тәуелсіз мемлекетіміздің терең дағдарыс жағдайындағы қиындыққа толы қалыптасу жолын баяндады, бірақ, зор сенім, қажырлы еңбек, үлкен күш-жігердің, дұрыс саяси-экономикалық ұстанымның арқасында бүкіл әлемге өзіміздің мақсат-мүддеміздің өміршең екенін дәлелдеп, осы заманғы қуатты мемлекет құрғанымызды атап айтты.

Ал, осындай оң бағыт алда да жақсы жалғасуы тиіс, бұл үшін елді лайықты тұлға басқаруы керек.

Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы алдағы сайлауда Президенттікке  партия атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, шын мәнінде, ел басқаратын адам. Ол сонау тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бері Нұрсұлтан Назарбаевпен қоян-қолтық еңбек етіп келеді. Тәжірибелі мемлекеттік саясаткер, халықаралық істерде де әбден ысылған. Халықтың жағдайын жақсы біледі.

Ендеше, біз де  Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймыз!

 

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

ардагер журналист,

Қарасай аудандық «Заман жаршысы»

 газетінің тілшісі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях