Өнегесімен еленіп, өнерімен танылғандар

0
2559

Әр жыл сайын ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің  жағымды үлгісін таратуға, шаттығы шалқыған шаңырақ көтеру мәртебесін арттыруға бағытталған. Биыл аталған байқаудың аудандық кезеңінде жергілікті елді мекендерден барлығы 14 қатысушы бақ сынап, олардың төртеуі өңірлік бәсекеге жолдама алған болатын. Соның ішінде, осындай жауапты сында Қарасай ауданының намысын қорғаған Жанғұтты отбасы ІІІ орынды жеңіп алып, мерейі өсті. Арнайы Дипломмен марапатталып, 250 мың теңгенің сертификатына қол жеткізді. Сондай-ақ, Суанбековтар да сайыстан құр алақан қалмай, Алматы облысы әкімінің Алғыс хатына және ынталандыру сыйлығына ие болды.

Райымбек ауылында тұратын Жанғұтты отбасының анасы Күлән Құсайынқызы  «Балатай» қоғамдық қорының жетекшісі, үш баланың асыл анасы. Жұбайы Темір Бегімбет алтын қолды шебер, кәсіптік-шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Көптеген жұмыстары әлемнің мұражайларында және жеке коллекцияларында тұрған республикалық  және халықаралық көрмелердің қатысушысы. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» демекші, бұл отбасының сегіз немересінің үшеуі шеберлердің өнерлерін ары қарай жалғастырып келеді. Күлән апайдың басты мақсаты- қазақтың  көркем кәсібін үйрету, дамыту және қайта жаңғырту,көне қолөнерін әлем нарығына шығару. Түрлі әлемдік деңгейдегі байқаулардың қатысушысы және жеңімпазы бүгінде Астанда өтетін «ЭКСПО-17» көрмесіне отбасымен дайындалуда.

Ал, Малдыбек Суанбеков болса, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылының тұрғыны. 6 баланың әкесі, 10 немересінің атасы.«Алматы жылыту электр станциясында» жұмыс атқарады.Сонымен қатар, олар «Спорттық жанұя»ретінде де ерекшеленеді. Өйткені, ұлдары футбол, ал немерелері дзюдо және жүзу ойындарына қатысып, түрлі мадақтамаларға, сертификаттарға, кубоктарға және медальдарға ие.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева бұл отбасы мүшелерін қабылдап, аудан басшысының ризашылығын жеткізіп, жетістіктерімен шын жүректен құттықтады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь