Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің компаниясы тексеріліп жатыр

Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің компаниясы тексеріліп жатыр

Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің компаниясында тексеріс жүріп жатыр. Мемлекетке келтірген шығыны болса, өтемақы төлейді. Бұл туралы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

«Нұрәли Әлиевтің «Транстелеком» АҚ-сы қазір Каспий теңізінің асты арқылы талшықты оптикалық желі тартумен айналысады. Бірақ Әзірбайжан елімен келісімге келе алмай жұмысты уақытылы бітіре алмаған.Сондықтан комиссия мүшелері бұл маңызды шаруаны Әлиевтің компаниясына сеніп тапсырмау керек», делінген ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің ақпарында

«Транстелеком» компаниясын Нұрәлі Әлиев 2021 жылы жазда сатып алған. Қазір «Транстелеком» АҚ-ның 75 пайыз акциясы Әлиевтің «Unit Telecom» ЖШС-на тиесілі. Қалған 24 пайызы «Қазақстан теміржолының» үлесінде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях