Назарбаев алаңындағы орындықты бүлдірген  оқушылардың ата-аналары жазаланды

Назарбаев алаңындағы орындықты бүлдірген  оқушылардың ата-аналары жазаланды

Оралда 9-сыныпта оқитын қыздар қаланың бас алаңындағы орындыққа жазу жазғаны үшін ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздар сабақтан ертерек сұранып, саябаққа серуендеуге барған. Бірақ жолда Тұңғыш Президент алаңына кіріп, ондағы орындықтарға жазу жазған.

«Қыздар елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзды. Полицейлер құқық бұзушыларды бейнежазба арқылы анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша ата-аналарға қатысты «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырды», – деді ведомство өкілдері.

Оған қоса, ата-аналар бүлінген мүлікті қалпына келтірді.

«Сондай-ақ, заңды өкілдер балаларымен бірге бүлінген орындықты жууға мәжбүр болды. Полиция департаменті барлық тұрғыннан қаланы абаттандыру элементтеріне ұқыпты қарауды сұрайды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар жасаған заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік олардың заңды өкілдеріне жүктелетінін ескертеді және ата-аналарға жасөспірімдерді тәрбиелеуде ерекше назар аударуға кеңес береді», – деді полицейлер.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях