Музейдегі түн

Музейдегі түн

18-мамыр – Халықаралық музейлер күні болғандықтан, елімізде мәдени мереке ретінде әр жылы аталып өтіледі. Бұл күні барлық музейлердің есіктері келушілерге айқара ашылып, жалпы қоғам мен жеке адамның өміріндегі аталмыш мекемелердің алатын орны мен мәніне назар аударту мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі ретінде кеше біздің Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінде өткен «Музейдегі түн» акциясын айтуға болады.

Аталмыш басқосуды осы мекеменің меңгерушісі Серік Қалиев басқарып, музейге келушілер акция шеңберінде көне жәдігерлерді, Елбасымыздың өмірі мен еңбек жолынан хабар беретін әртүрлі дүниелерді, түрлі тақырыптағы залдардағы тарихи және дәстүрлі фотокөрмелерді  тамашалай алды. Сондай-ақ, кешкі сағат 20:00-де басталған іс-шара барысында жиналған қонақтарға С.Қалиевтің шәкірттері, жас ақындар домбырамен дайындаған күйлерін ойнап, өз өнерлерімен тәнті етті.

Мерекелік шара жоғары деңгейде жүзеге асырылып, қала қонақтары мен тұрғындары одан жақсы әсер алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях