Ұмтыл ауылдық округінде жаңа әкім

Ұмтыл ауылдық округінде жаңа әкім

Таяуда ауданға қарасты Ұмтыл ауылдық округінде әкім сайлауы өткен еді. Оның қорытындысы бойынша Ұмтыл ауылдық округінің әкімі болып Ибатжан Ислам Бауыржанұлы сайланды. Осыған сәйкес, бүгін округтің әкімшілігінде аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жаңа басшыны ұжымға және округтің бірқатар белсенді тұлғаларына таныстырып, орнына отырғызды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Айта кетейік, Ибатжан Ислам Бауыржанұлы 1997 жылы Қарасай ауданы Райымбек ауылында дүниеге келген. 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Алғашқы еңбек жолын 2018 жылы «Аккорд СПИК» ААҚ-ның материалдық жабдықтау бөлімінің жабдықтаушы инспекторы болып бастаған. 2019-2020 жылдары аталмыш мекеменің материалдық жабдықтау бөлімі басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.
2020-2023 жылдары Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, 2023-2024 жылдары округ әкімінің орынбасары ретінде жауапты қызмет атқарды.
Ал 2024 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымында еңбек еткен.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях