Мемлекеттік саясатты іске асырып, ұлттық мүддені қорғай білетін мемлекеттік қызметшілердің еңбегі қашанда елеулі. Осындай мәртебелі міндетті арқалап жүрген қарасайлықтар бүгін Үшқоңыр тауының етегінде бас қосып, қысқы спорт ойындарынан сынға түсті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Денсаулықтың кепіліне айналған қыс мезгіліндегі спорттық фестиваль бұрын да аудан көлемінде өткізілген болатын. Білек күші пен бойдағы ептілік сыналатын қысқы спартакиада 9 жылдан кейін қайта жаңғырып отыр. Мемлекеттік қызметшілердің осылай сынға түсіп, спорттық бағытта жарысуына Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов қолдау білдірген.
Аудан басшысы арнайы келген бүгінгі спорттық сайысқа қала мен ауылдық округтерде еңбек ететін мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ аудан әкімі апаратының мамандары қатысты.
Спорттық шарада алдымен аудан әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек сөз сөйлеп, аудан басшысына әріптестерінің атынан осындай шараның өтуіне қолдау танытқанына алғыс білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында аудан өнерпаздары ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Фестиваль аясында өткен жарыста мемлекеттік қызметшілер бірнеше спорт түрінен бақтарын сынады. Атап айтқанда, садақ ату, қол күрес, футбол, шаңғы тебу және басқа да эстафеталық ойындар болды.
Сайыстың нәтижесі төмендегідей:
⚽ Футболдан:
🥇орын – Қаскелең қаласының әкімдігі;
🥈орын – Қарасай ауданының білім бөлімі;
🥉орын – Райымбек ауылдық округінің әкімдігі.
🏹 Садақ атудан:
🥇орын – Қарасай ауданының білім бөлімі;
🥈орын – Елтай ауылдық округінің әкімдігі;
🥉орын – Жамбыл ауылдық округінің әкімдігі.
⛳Эстафеталық ойыннан:
🥇орын – Райымбек ауылдық округінің әкімдігі;
🥈орын – Әйтей ауылдық округінің әкімдігі;
🥉орын – Іргелі ауылдық округінің әкімдігі.
🏆Қыздар арасындағы қол күрестен:
🥇орын – Жібек жолы;
🥈орын – Қарасай ауданының білім бөлімі;
🥉орын – Райымбек ауылдық округінің әкімдігі.
Ерлер арасында қол күрестен:
🥇орын – Қарасай ауданының білім бөлімі;
🥈орын – Іргелі ауылдық округінің әкімдігі;
🥉орын –Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі.