Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Алматы облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілі Айдын Әуесбай Әдеп жөніндегі кеңес жұмысы мен мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын түсіндіру мақсатында өңірдегі мемлекеттік қызметшілермен кездесуін өткізді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.
Бұған дейін біздің ауданымызда әкімінің орынбасары қызметін атқарған Айдын Әуесбайұлы жаңа лауазымдағы жұмыс сапарын Қарасай жерінен бастады. Ол мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылауда туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және аталған бағытты дамыту тақырыбындағы баяндамасын оқыған соң, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді. Басқосуды төраға ретінде аудан әкімі аппаратының басшысы Ілияс Қалиев жүргізіп отырды.