Медбикелерді мерейі артты  

Медбикелерді мерейі артты   

Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді.  Осы кәсіби мерекеге орай аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымы мерекелік шара өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жиынды алдымен ақ желеңді абзал жандардың еңселі еңбектерінің зор екендігін тоқтала құттықтаған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ербол Сәрсенбаевтің тілек тізгінін әрі қарай құрметті қонақ ретінде шақырылған аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұржан Олжабаев жалғады. Денсаулық саласына үлестерін қосып мейірімділік пен кәсіби шеберліктеріне бағалау ретінде қос мекеме басшысы    үздік орта медициналық қызметкерлерін  Алғыс хаттармен  марапаттады.

[su_custom_gallery source=»media: 9724,9725,9726,9727,9728,9723,9721,9719″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Одан кейін   дипломдарын енді қолдарына алып келген осы саланың жас мамандары салтанатты түрде өз қызметіне адал әрі тиянақты орындауға ант берсе, еңбек жолын медицинаға арнаған осы жылы қызметінен зейнетке шығатын ардагерлерге де  құрмет  көрсетілді. Ал, өз кезегінде мереке иелері арнайы дайындаған славян халқының биі ретінде көрсетілген қойылымы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жиынның соңы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен «Нұр-Таш-Қалбүбі» студиясының жас әншілердің қойған концерттік бағдарламамен түйінделді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях