Мансап орталықтарының қызметкерлері өзара мықтыны анықтады

Мансап орталықтарының қызметкерлері өзара мықтыны анықтады

Күні кеше Шамалған ауылында орналасқан «Ushqonyr» спорт кешенінде Алматы облысына қарасты Мансап орталықтарының қызметкерлері волейболдан жарысып, өзара мықтыны анықтады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Алматы облысы Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен өткен доданың ашылу салтанатына облыстық орталықтың директоры Абылай Зуайда, «AMANAT» партиясының Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов, «AtlantMedia» ЖСН-нің директоры, жергілікті, «Naqty» газетінің бас редакторы Атлана Исаева және аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сунбеков қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс барысында облыстық Еңбек мобильдігі орталығынан, Қонаев және Алатау қаласы және де 9 ауданның мансап орталықтарынан құралған 12 команда бақ сынасты. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Бұл күні қызметкерлер өзара жеңімпазды анықтап қана қоймай, сондай-ақ барынша көңіл көтеріп, жақсы демалуға мүмкіндік алды.
Қызықты әрі күлкілі сәттерге толы болған спартакиада нәтижесінде, барлық кездесулерде қарсыластарына дес бермей, жақсы ойын көрсеткен Кеген ауданының командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Жамбыл мен Райымбек ауданының командалары өзара ІІ-ші орынды бөлісті. Ал Талғар ауданының командасы III орынды еншіледі.
Сондай-ақ, волейболдан топтар арасында «Үздік командалық киім» номинациясы бойынша Іле ауданы жеңімпаз атанды.
Мұнан бөлек ойынның ең «Үздік волейболшысы» болып біздің Қарасай ауданының Мансап орталығының бөлім басшысы Нұсқабай Абзал атанса, қыздардан «Үздік волейболшы» Еңбек мобильдігі орталығының қызметкері Ералы Асемай болды. «Үздік байланыстырушы» Еңбекшіқазақ ауданының команда мүшесі Дәурен Ташбаев, ал «Үздік шабуылдаушы» болып Ұйғыр ауданының команда мүшесі Талант Ахметов атанды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях