Мал дәрігерлерінің жалақысы 60 пайызға дейін өседі

Мал дәрігерлерінің жалақысы 60 пайызға дейін өседі

Аграрлық сектордағы ең төменгі жалақы алатын мамандардың бірі — ветеринарлар. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал дәрігерлерінің жалақысы қаншалықты өсетінін айтып берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ветеринарлардың жалақысы төмен, ал олардың жұмысы өте қауіпті және олар үнемі үйден тыс жерде, сапарларда болады. Республика бойынша мал дәрігерлерінің орташа жасы 40-55 жасты құрайды. Өкінішке қарай, жастар ветеринарлардың оқуын оқығысы келмейді. Себебі олардың жалақылары төмен, ал жұмыстың көлемі үлкен», деді Ербол Қарашөкеев Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде.

Оның айтуынша, Үкімет бұл мәселені жан-жақты саралаған.

«Ветеринарлық секторда жоғары білікті жас мамандар жетіспейді. Осы жылдың 1 сәуіріне республика бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау үшін тарифтерді көтеру есебінен ветеринарлық мамандардың жалақысы орта есеппен 33,4%-ға арттырылды. Жыл соңына дейін 60%-ға дейін арттыру жоспарланған», деді министр.

Сонымен қатар, министр келесі мысалдарды келтірді.

«Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорындардағы орташа айлық жалақы өңірлерге байланысты Қызылорда облысында 80 мыңнан Павлодар облысында 200 мыңға дейін өзгереді. Алайда бұл әлі де жеткіліксіз», деп атап өтті АШМ басшысы.

Бұл мәселені шешу үшін жергілікті жерлерде келесі шаралар қабылданады: 1. Бәсекелестік секторы жоқ жерлерде коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындар көрсететін ақылы қызметтер көлемін ұлғайту. Ол үшін барлық жерде ақылы қызмет түрлерінің тарифтері бекітіледі.

2. Тиісті заңнамалық базаны қабылдай отырып, келесі жылдан бастап коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындар ветеринария мамандарының лауазымдық жалақысына 50%-дық қосымша үстемақы және зиянды еңбек жағдайлары үшін (патогендігі 1-ші және 2-ші санаттағы биоагенттермен жұмыс істеу) мемлекеттік коммуналдық мекемелердің базалық лауазымдық жалақысына 140%-дық қосымша ақы төлеу, сондай-ақ сауықтыру жәрдемақысы ретінде 2 лауазымдық жалақы төлеу. Бұл шаралар мал дәрігері кәсібінің тартымдылығы мен беделін едәуір арттырады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях