Ауданымызға қарасты Іргелі ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» жастар қанатының бірлесе ұйымдастыруымен «Махаббатымыз берікпе» атты жас отбасылардың конкурс-фестивалі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.
Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «90 жылдыққа – 90 шара» іс-шаралар жоспары мен Жастар жылының аясында өткен байқауға ауданымыздың 10 округінен жас отбасы қатысып, өнер көрсетіп, көпшілікті таң-тамаша қылды. Аталмыш сайыстың басты мақсаты – қоғамның ең басты құндылығы отбасы екенін гасихаттау, өскелең ұрпақ арасында ұлттық салт-дәстүрлердің кеңірек таралуына ықпал ету, болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беру. Оған аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханқызы, Алматы облысы білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Қарасай аудандық филиалының төрайымы Сара Байбосынова, аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айдар Айтмұхамбетов, Шамалған округінің Мәдениет үйінің директоры Бағлан Қалманов пен мектеп оқушылары қатысты.
[su_custom_gallery source=»media: 9746,9747,9753,9748″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Төрт кезеннен тұратын сайыстын алғашқы кезенінде әрқай жанұя өздерін бейнеролик пен өлең шумақтары арқылы таныстырып өтті. Екінші кезенінде ерлі-зайыптылардың бірі кір тасын көтеруден бәстессе, аналар жағы сәбиге арналаған ит көйлек тігуден жарысты. Ал, үшінші кезеңде қатысушылар отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарға жауап берді. «Өнерліге өріс кең» атты соңғы кезенде әр отбасы сахналық көрініс қою мен өлен айтудан өз өнерлерін көрсетті.
«Махаббатымыз берікпе» жас отбасылардың конкурс-фестивалінің қорытындысы бойынша төрт кезеннен сүрінбей өткен орталығымыз Қаскелең қаласының атынан шыққан Сәбиевтар әулеті байқаудың жеңімпазы атанып, грамота мен 50 мың теңгелік сертификатты иеленсе, Іргелі ауылдық округінің атынан шыққан Меншібаевтар отбасы ІІ-орын мен 30 мың теңгелік сертификатты алды. Ал, ІІІ-орын мен 20 мың теңгелік сертификат Бірінші Май ауылдық округінің атынан шыққан Үмбетовтар әулетінің қанжығасына бұйырды.
[su_custom_gallery source=»media: 9749,9751,9750,9754″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жарыс соңында байқауға қатысқан барлық отбасыларға да бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.