Махаббат Бигелдиев – жылдың үздік әкімі

0
2918

Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің республикалық «Уақыт Таңдауы – Выбор Вре мени» агенттігімен бірлескен жобасы бойынша, Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында дәстүрлі жыл таңдаулылары айқындалған болатын. Он жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бұл сараптаманың биылғы нәтижесінде біздің Қарасай ауданының әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев «Жылдың үздік аудан әкімі» болып табылды. Бұл таңдау республикалық басылымға жарияланған мақалалардағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, елді мекендерде қолға алынып жатқан игі шаралар туралы мәліметтерді саралау арқылы жасалған.

Осы тізімде сонымен қатар, жылдың үздік облыс әкімі ретінде

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есімі аталып, үздік жоғары оқу орны ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, үздік кітапха деп ҚР Ұлттық кітапханасы, үздік мұражай болып Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі көрсетілген.

pr-hal.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь