2018 жылдың 2 наурызында, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет үйінде мектеп оқушылары мен студенттер арасында мақал-айтыс сайысы өтеді. ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында болатын бұл шараның мақсаты – мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттық тәрбиенің өзегі, бабаларымыздың заманалар бойы жинаған даналығының інжу-маржандары, сөз мәйегі болып табылатын мақал-мәтелдер арқылы жастардың ой-пікір, мінез-құлқын қалыптастыруға үлес қосу.
Бұл ойын қатысушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, мейірімділік, кеңдік, ерлікке тәрбиелейді. Қоғамдық сананы сілкіндіріп, ұлттық рухани жаңғыруға шақырады. Бабалар аманатына адалдық, ата-анаға құрмет, ұрпақ алдындағы парыз, салт-дәстүр сабақтастығы насихатталады.
Қызығушылық танытқан жастар қатысып, бақ сынап көре алады!