Мәслихат есептері

Мәслихат есептері

Аудандық мәслихат хатшысы Айтбай Көшкімбаевтың Қарасай аудандық мәслихатымен және оның тұрақты комиссияларымен өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы халық алдындағы есепті кездесуі жалғасуда. Олардың үшеуі кеше, Шамалған бекеті және Елтай мен Жамбыл ауылында болған болса, бүгін, Бекболат, Шамалған, Жандосов ауылдарында өтті.

Атап айтсақ, кеше Жамбыл ауылы мен бүгін, Шамалған ауылдық округында өткен жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев, және осы округтерден сайланған депутаттар қатысып отырды.

Депутаттардың есебін тыңдау үшін, ауыл тұрғындары мен ақсақалдары жиналды. Бұл бас қосулардың мән-маңызы айтылып, күн тәртібі таныстырылып болған соң, мәслихат хатшысы Айтбай Жексенбайұлы ал, Шамалған ауылында өткен кездесуде округ депутаты Дамиля Қылышбаеваның есепті баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, Шамалған округының тұрғындары ауылдың кейбір көшелерін жөндеуін өтінді. Бұл сұрақтарды Айтбай Жексембайұлы депутаттық сұраныспен аудан әкіміне қойылатынын және мәслихат та кейбір мәселелердің шешілуіне барынша жәрдемдесетінін айтты.

Бұл кездесулерді аудандық мәслихат апаратының басшысы Қордай Әбілбеков жүргізіп отырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях