Мұражайдағы көрісу күніне арналған шара

Мұражайдағы көрісу күніне арналған шара

14 наурыз көрісу күні яғни амал мерекесіне орай «Анаға құрмет» музейінде мерекелік шара өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.   Айтулы жиынның басты мақсаты  ұлттық киім, ардақты аналарымыздың ақ жаулығы – кимешектің қазақ халқының өміріндегі мән-маңыздығын анықтап, жас ұрпаққа насихаттауға негізделді. Алдымен басқосу музей алдында төс қағыстырып көрісіп, амандық-саулық сұрасумен басталды. Сол жиналғандардың ішінде әппақ кимекшектерімен қоса, оюлы өрнекке көмкерілген камзолдарын киген әжелеріміз шараның көркін одан әрі аша түсті. Олардың қатарында ауданымызға сыйлы, асылдың сынығы, аяулы жандар «Анаға құрмет» музейінің негізін қалаушы Бақыт Шпекбаева,  Үшқоңыр орта мектебіндегі «Президент әлемі» мұражайының жетекшісі Ақлима Көсемова және Қарасай батыр атындағы орта мектептің «Шапағат» өлкетану музейінің жетекшісі Ырымкеш Байқонысова, этно-дизайнерлер Күлән Жаңғұты,  Анаркүл Нұрботанова  және Алматы қаласынан арнайы келген қонақ Күмісхан Малдыбайқызы болды. Сондай-ақ жиын барысында жаңа туған нәрестені бесікке салу дәстүрі көрсетіліп, ырымдары жасалынды.

[su_custom_gallery source=»media: 8349,8348,8346,8354″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Ал, Ақлима Көсемова болса көпшілікке кимешектің шығу тарихын, түрлерін, қандай жаста қай түрін кию керектігін жіктеп айтып берді. Мұның өзі жиынға келіп отырған мектеп оқушыларға үлкен тәлім-тәрбие бергендігі сөзсіз. Шара аясында ақыл кеңестерімен бөлісіп, бұл кешке арнайы келген әжелеріміздің ішінен ең үздік кимешек иесі анықталып, музей қызметкерлері дайындаған сый-сияпаттар табысталды. Бұл мадаққа үлкен әжесінің жүз жылға жуық тарихы бар кимешекті киген Күмісхан апамыз лайық деп танылды. Ал, Абай ауылының №2 мектебінің оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама да көпшіліктің назарына ұсынды. Кештің соңын аталмыш музейдің ғылыми кеңесшісі Аршагүл Тойбаева қорытындылап, музей директоры Жанат Мұхтар келген қонақтардың бәріне сый-сияпаттар берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях