Мүгедектерге арналған жәрмеңке

0
2557

Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ауданымыздың мүмкіндігі шектеулі азаматтарына арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Аталмыш мекеменің басшысы Ықылас Амалбекұлы төрағалық еткен жиынға ауданымыздың 30-ға жуық мүгедек азаматтары мен азаматшалары және аудандық жұмыспен қамту және жұмыспен қамту орталығының басшысы Эльмира Тасырова қатысты.

Басқосу барысында жиналғандарға жергілікті зауыттар мен шағын бизнес ошақтарының өкілдері бірнеше жұмыс орындарын ұсынып, сонымен қатар, бір кәсіпті қолға алсам деушілерге оқу да қарастырылғанын жеткізді. Атап айтсақ, «Алтын жұлдыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тігіншілікті үйретіп, жұмыс орнымен қамтамасыз етуге дайын. Ал, «Байсал» жеке кәсіпкерлігі жаңадан ашылып жатқан аяқ киім дүкеніне сатушы саласында істеуді қалайтындарды қызметке шақырса, «Нах» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің өкілі электршінің көмекшісі мамандығына бос орын бар екенін айтты.

Бұдан басқа, «Алматы былғары зауыты», «Орсеп» және «Алматы продукт» зауыттары да жәрмеңкенің мақсатына сәйкес жұмыс берушілер мен жұмыссыздар арасында байланыс орнату үшін мүгедектердің мүмкіндіктеріне сай келетін жұмыстардың қатарын қарастырып, көмектесуге даяр екенін алға тартты. Жалпы, үстіміздегі жылдың басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына  118 мүмкідігі шектеулі азамат жүгінген. Қазіргі кезде оның 116-сы жұмысқа тұрып, нәпәқасын табуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь