МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРАДЫ

МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРАДЫ

Бүгінгі ұлықтау рәсімі кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әлеуметтік саясат мәселесін көтерді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында ҚазАқпарат сайтында жария болды.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев салтанатты рәсімде жаппай білім беруді қолдау керекттігін және бәріміз бірігіп адам капиталын дамыту саясатын жалғастыру керектігін айтты.

Сондай-ақ, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету жағын алға тартып, аталған мәселелерге қатысты тұтас бағыт-бағдар бар екенін де ескертті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде мұғалімдер мен дәрігерлерге қолдау жасалатынын атап өтті.

– Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті мүмкіндіктер жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях