«Ұлы дала үні» атты әдеби-сазды кеш

«Ұлы дала үні» атты әдеби-сазды кеш

Ұлттық музыкалық аспаптар – ең алдымен бағзы заманның материалдық және рухани ескерткіші, көненің көзі, ұлттық дүниетанымның бір бөлшегі ретінде мәдени-рухани құндылық қатарына кіреді.

Осы ретте, Іргелі ауылдық округінің мәдениет үйінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұлттық аспаптарды насихаттау мақсатында «Ұлы дала үні» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараға құрметті қонақтар ретінде ауданымыздың ардақты ардагерлері Ақылия Бекбайқызы, Шара Қанатқұлқызы, Ұмтыл мәдениет үйінің директоры Қолғанат Есмаханов, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айдар Кеңесханұлы, аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің бас маманы Ділдә Ұланқызы шақырылды. Кештің мақсаты жастарды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық ән әлеміне деген қызығушылығын ояту. Сондай-ақ, жас ұрпақты қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

[su_custom_gallery source=»media: 7261,7260,7259,7258″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Әдеби саз-кешінде Қарасай аудандық мәдениет үйінің «Үшқоңыр фольклорлық-этнографиялық» ансамблі қазақтың күйлері мен әндерін орындады. Сонымен қатар, ансамблдің өкілдері балаларды қазақтың домбыра, қобыз, сазсырнай, және де тағы да басқа ұлттық аспаптарымен таныстырды. Кеш әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермен көңілін сазды сезімге бөледі.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях