Ұлттық құндылықтарын ұлықтаған ұрпақ үлгі

Ұлттық құндылықтарын ұлықтаған ұрпақ үлгі

Жуырда «Алмалы» мейрамханасында «Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясы мен «RAYYAN»  продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен, Тәуелсіз  Қазақстанның  отбасы құндылықтарын  көпшілік арасында кеңінен насихаттауға бағытталған «Қыз ұяты қауымға, ұл ұяты ұлтқа жүк» тақырыбында кең ауқымды іс-шара өтті. Шараға студенттер, мектеп оқушылары, жанұялық және ұжымдық топтар, ардагерлер қатысты.

Басқосу аясындағы байқауда Абай атындағы  мектеп-гимназиясының оқушыларынан құрылған «Нұрлы жол», «Қара шаңырақ», «Мәңгілік Ел» топтары бақтарын сынасты. Олар сайыстың алты шарты бойынша жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, жиылған қауымды таңғалдырды.

Мысалға, таныстыру бөлімінде «Қара шаңырақ» тобы қазақ отбасындағы  баба, ата, әже, әке, ана, бала, ағайындылар ұғымының тарихи орнын айта  отырып бүгінгі ұрпақтың отбасы қасиетін терең ұғатынын көрсетті.

Ал, келесі бөлімде «Нұрлы  жол» тобы  «Қыз бен жігіт бұрын  қандай болған, бүгін қандай?» деген сұраққа ғылыми тұрғыдан  жауап беріп, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудегі қыз бен жігіттің  салт-дәстүрді жете меңгерудегі маңыздылығы жөнінде айтып берді. Ал «Мәңгілік Ел» тобы отбасы құндылықтары мен халықтың салт-дәстүрін сақтауда ерекше орны бар Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романынан түсірілген буктрейлері көрсетіп, әрі қарай Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романындағы жазушы мен батырдың диалогына құрылған көрініс қойды.

Жалпы, оқушылардың сөз саптауы, ойын жеткізудегі тілдік қорының байлығы, тарих пен шежірені сабақтастыруы  қазылар алқасының көңілінен шықты. Байқау қорытындысы бойынша аталған үш топ та алдан көрініп бірінші орын, бас жүлде және «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленген жеңімпаздар Б.Момышұлының келіні, қадірлі ана Зейнеп Ахметовамен бір дастарханда бас қосып, тағлымды әңгімелерін тыңдады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях