Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің қорытындысы жасалды  

Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің қорытындысы жасалды   

Талдықорған қаласының «Рухани жаңғыру» орталығында Алматы облысының ҮЕҰ үшін «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2022» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды naqty.kz.

Үкіметтік емес ұйымдар консалтинг орталығының Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында жариялаған жобалар байқауы 1 – 31 наурыз аралығында өтті. Оған 37 қоғамдық ұйымнан 48 жоба ұсынылып, әділқазылардың жан-жақтылы зерделеуінің нәтижесінде 10 жоба жеңімпаз деп танылды. Олардың әрбіріне 1 млн. теңгенің сертификаты табысталды.
Мәреге сүрінбей жеткен жеңімпаздарды Жетісу облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Қошанбеков құттықтап, мұндай шараның әлеуметтің әлеуетін жетілдіріп, азаматтардың ел өркениетіне қосатын үлес салмағын еселейтінін тілге тиек етті. Ал комиссия мүшелері атынан сөз алған «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары Забира Сайдилдина, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Бархудар Гусенов аталған жобаның маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.
Жеңімпаз болып танылған әр жобаның да қоғамға тигізер пайдасы, жұртқа жеткізер жақсылығы аз болмайды. Олардың тақырыбы да, атқаратын қызметі де әртүрлі.  «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2022″байқауының 10 жеңімпазының әрқайсысына 1 млн теңгеге сертификат табысталды.Шағын гранттар үшін бөлінген қаражат әлеуметтік жобаны іске асыру үшін материалдық-техникалық база түрінде беріледі. Жалпы жүлде қоры-10 млн теңге, оның ішінде 1 млн теңгеден 10 жоба. Соңғылары тірек-қимыл функциялары бұзылған балалардың денсаулығын қалпына келтіру, қозғалыстарды үйлестіру бойынша емдеу-сауықтыру курстарын өткізуге; мүмкіндіктері шектеулі адамдарды және көп балалы аналарды қаржылық, компьютерлік, цифрлық сауаттылыққа, фрилансқа оқытуға; ерекше қажеттіліктері бар адамдар және басқалар жұмысқа орналасатын кесте цехын іске қосуға бағытталған. Грант иеленгендердің қатарында «Қазақстан Республикасының Ауғанстан және оқшау соғыстар ардагерлерінің одағы» ҚБ филиалының басшысы Бауыржан Барлыбаев, «АйРиз-Қамқор» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Ризза Дәуітбаева, «Мол — Қазына» ҚБ басшысы Гүлжан Қызайбаева және т.б. бар.

Жеңімпаздарға сертификат үлестірген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбеков бұл жобаны алдағы уақытта тағы да пысықтап, ауқымын кеңейтіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ете алатын жобалар деңгейіне жеткізуге жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях