Короновирустың жаңа түрі қоздырған пневмониямен ауырғандар саны 200-ге жуықтады

Короновирустың жаңа түрі қоздырған пневмониямен ауырғандар саны 200-ге жуықтады

Қытай мемлекетіндегі Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрі қоздырған пневмонияны жұқтырған адамдар саны 200-ге жуықтады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау істері бойынша муниципалдық комитеттің хабарламасында 19 қаңтарда жергілікті уақыт 22:00 сағатта (Бейжің уақытымен) Ухань қаласында короновирустың жаңа түрі қоздырған пневмониямен ауырғандар саны 198-ге жетті. Олардың 25-і ауруханадан шығарылды, үшеуі көз жұмды, 170 адам медициналық мекемелерде ем алып жатыр. 35 адамның жағдайы нашар, 9-ы ауыр хәлде, 126 адамда аурудың жеңіл түрі анықталды делінген.

Аталмыш аурудың жаңа түрі бірінші рет Бейжің қаласының оңтүстігіндегі Дасин ауданында тіркелген. Екі науқас та жаңа коронавирус түрін Ухань қаласына барғаннан кейін жұқтырған.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда пневмонияның жаңа түрі өршіген туралы хабарлаған болатын.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях