Аргентина ғалымдары коронавирусты бір сағатта анықтайтын тест ойлап, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.
«Неокит COVID-19» деп аталған бұл тест вирус түрлерін сараптап және күрделі құрал-жабдықты қажет етпейді. Сондай-ақ бағасы да арзан әрі дәлдігі жағынан ПЦР-тестілерінен кем түспейді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Аргентинаның тиісті мемлекеттік органы тестіні мақұладаған. Алдағы 10 күнде алғашқы 10 мың тест жасап шығарылады. Ал көп ұзамай, аптасына 100 мың тест шығару көзделіп отыр.