ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы 2021 жылғы 26 шілдедегі ақпаратты жариялады, — деп хабарлайды karasayinfo.kz жілілік басылымы, Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
26 шілдедегі мәлімет бойынша 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (81 077 КВИ+ және 2 007 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 23 868 пациент стационарда;
- 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 444 адамның жағдайы ауыр;
- 304 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 183 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сонымен қатар, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 26 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.