Қазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Науқастар мына аймақтарда тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы – 601; Алматы қаласы – 673; Шымкент қаласы – 119; Ақмола облысы – 90; Ақтөбе облысы – 120; Алматы облысы – 232; Атырау облысы – 117; Шығыс Қазақстан облысы – 106; Жамбыл облысы – 40; Батыс Қазақстан облысы – 112; Қарағанды облысы – 201; Қостанай облысы – 28; Қызылорда облысы – 75; Маңғыстау облысы – 35; Павлодар облысы – 43; Солтүстік Қазақстан облысы – 42; Түркістан облысы – 22.
Осылайша жалпы еліміз COVID-19 індетімен ауырғандардың саны 281351-ке жетті.