Коронавирусқа қарсы екпе салдыру жыл сайын болуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы екпе салдыру жыл сайын болуы мүмкін

Жылына бір рет коронавирусқа қарсы екпе қажет болуы мүмкін. Бұл пікірді Дүниежүзілік медицина қауымдастығының төрағасы Франк Ульрих Монтгомери немістің Funke редакциялық тобының газеттерде жарияланған сұхбатында айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Ревакцина иммундық жүйені нығайтады. Бірақ оның қанша уақытқа созылатынын нақты білмейміз. Бәлкім, жыл сайын қайталау керек шығар, – деді Дүниежүзілік медицина қауымдастығының төрағасы

Сонымен қатар, Монтгомери егер азаматтар уақтылы ревакцинациядан өтпесе, жарамдылық мерзімі белгілі бір уақытта аяқталатын вакцинация сертификаттарын қолдады.

Германияда өткен жылдың желтоқсан айында коронавирусқа қарсы алғашқы екпе жасалды. Оларды алған азаматтардың әлі де жарамды куәліктері бар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях