Конституция күнінде Жетісу облысында ауылдардың 2 мыңдай тұрғыны газға қосылуға мүмкіндік алды  

Конституция күнінде Жетісу облысында ауылдардың 2 мыңдай тұрғыны газға қосылуға мүмкіндік алды   

Конституция күнінде Жетісу облысында ауылдық жердегі 2 мыңға жуық тұрғын  көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алды. Осы күні қуанышқа кенелген Ескелді ауданы Өрқусақ ауылы мен Талдықорғандағы Пригородный мен 3-ші бөлімшеге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев арнайы барды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Өрқусақ ауылында тұрғындарды құттықтаған облыс басшысы елдің тұрмыс сапасын жақсартуда ауыз су, жол, газ, тұрғын үй құрылысы, жұмыспен қамту, әлеуметтік нысандар салу секілді игіліктер алдыңғы орында тұратынын айтты. Мемлекет басшысының атқарушы органның алдына қойып отырған басты міндеттері де осы.

— Өткен аптада газ Мұқырыға берілген, бүгін, міне, сіздердің ауылға жеткізіліп отыр. Сол сияқты осы күні Талдықорған қаласындағы Пригородное ауылы мен №3 бөлімше тұрғындары да осындай қуанышқа кенеліп отыр. Биыл 19 ауылға, келесі жылы 20 ауылға газ қосамыз. Талдықорғаннан әрі газ құбыры Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов аудандарына тартылады. Сөйтіп 2024 жылы газбен қамту 41 пайыз, 2025 жылы 53 пайызға жеткізіледі. Қуаныштарыңыз құтты болсын. Газбен бірге үйлеріңізге жылы шуақ кірсін,- деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Облыс басшысының айтуынша, әлеуметтік жағынан әлжуаз тұрғындардың газ қазандығының бағасын 10 айға бөліп төлеуге мүмкіндігі бар. Ал бұл ауылға газ жүйесін жүргізуге жергілікті бюджеттен 80,2 млн.теңге жұмсалған.

Мұнымен Ескелді ауданын газдандыру аяқталған жоқ. Қазіргі кезде Қарабұлақтағы 3177 абоненттің 1218-і газға қосылған. Бақтыбай, Алдабергенов, Екпінді ауылдарында газ жеткізу құбыры мен газ тарату желісінің құрылысы, М.Байысов, Көкжазық, Теректі, Қаратал ауылдарында да газ тарату желілерінің құрылысы жүріп жатыр. 7 ауылға — Шымыр, Жетісу, Жастар, Жаңалық, Абай, Өтенай, Ешкіөлмес ауылдарына газ жеткізу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Осы күні газға Талдықорған қаласы маңындағы 2 елді мекен де қол жеткізді. Олар — 300-дей тұрғыны бар Пригрородный және 1150 адамы тұратын 3-ші бөлімше.

«Іргеміздегі Талдықорғанға газ келгелі біраз болған. Бізге де құбыр тартса деп армандап едік, бүгін арманымыз орындалды. Осы іске атсалысқан азаматтардың бәріне алғыс айтамыз. Тұрмысымыз жеңілдейтін болды. Біз үшін мерекеге үлкен сый болды», — деді Пригородный ауылының тұрғыны Нұрлан Тәліп.

 

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде Талдықорғанның 54 мыңнан астам абонентіне газға қосылуға мүмкіндік жасалды, соның 30 мыңнан астамы бүгінде көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

— Біз қала маңындағы елді мекендерге табиғи газ жеткізуге ерекше көңіл бөлеміз. Бүгіннің өзінде 2 мыңдай тұрғынға газға қосылуға мүмкіндік жасалды. Әзірге Жетісу облысында елді мекендерді газдандыру деңгейі 10%, яғни 250 мыңдай абоненті бар 19 елді мекенге газ тартылды, — деп Б. Исабаев.

Атап өтсек, бүгінгі күні 30 метрге дейінгі қашықтыққа газ құбырын тарту газ қазандығының бағасын қоспағанда орта есеппен 130 — 150 мың теңгеден аспайтын қостыру құнын белгілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы күні облыс басшысы Қарабұлақтағы су жинағыш нысанның реконструкциялау жұмыстарымен танысты.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях