Конституция күні мерекесіне арналды    

0
930

 

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының күні аудан әкімі Жасұлан Естеновтың қатысуымен  салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.  

Жиналғандар ең алдымен «Азат елдің Ата заңы» деп аталатын театрландырылған көріністі тамашалады. Мұнан кейін аудан басшысы сөйлеп, осынау ұлық мерекенің мән-маңызына жан-жақты тоқталды.  Сонымен қатар, ол өз сөзінде биылғы жылы өткізілген референдум еліміз үшін басты қадам болғанын атап айтып, халық өз таңдауын жасаған Ата заңымыз одан әрі берік, қорғаны болатынын білдіретін жеткізді.

Келесі кезекте Жасұлан Тоққожаұлы ауданның өркендеуі жолында атқарып отырған белсенді қызметі үшін өз атынан бірқатар аудан азаматтарын Құрмет грамоталармен, Алғыс хаттарпен марапаттап, ізгі тілегін білдірді. Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты шара әрі қарай аудандық Мәдениет үйінің дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты. Шараның соңы «Атамекен» атты  рухты әуенмен түйінделді.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь