«Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ-на тиесілі катодты алтынды ұрлау оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық биылғы наурыздың 3-іне қараған түні болған. Бұдан кәсіпорынға 122 миллион теңге залал келген.
«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», — деді ведомстводан.
Осы ретте, атлымыш қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды», — деп толықтырды ведомстводан.