Жыр алыбы Жамбылға құрмет

Жыр алыбы Жамбылға құрмет

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жақында, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл ауылындағы №2 орта мектепте Жамбыл Жабаевтың 172 жылдығына орай аудандық семинар өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – жүз  жасаған бабамыздың шығармашылығын дәріптеу еді. Семинарға  Қарасай  ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимова және Жамбыл  Жабаевтың  ұрпақтары, сондай-ақ,  аудандағы бірнеше мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары қатысты.

Осы жиын барысында, аудандық білім бөлімінің тікелей басшылығымен, ауыл әкімі  Б.Мыржиевтың  қолдауымен мектепте «Жыр алыбы – Жамбыл» аталатын мұражай ашылды. Мұнда Жамбылдың өмірбаянынан хабар беретін жәдігерлері, фотосуреттері, кітаптары және т.б. қойылды.

Бұл жиынның тағы бір елеулі жаңалығы – аудандық жас ақындар мектебінің ашылуы. Сонымен қатар, республикалық «Ғылыми кітапхана» қызметкерлерінің көмегімен ұйымдастырылған  көрме де келген  қонақтардың   көңілінен шығып, жоғары  бағаға ие болды. Мерекелік кеш концерттік  бағдарламалармен және сыныптан тыс  ұйымдастырылған  іс-шаралармен көркемделді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях