Жылдам әрекет етіп, жақсы көмектесті

Жылдам әрекет етіп, жақсы көмектесті

Sorry, this entry is only available in Русский.

Оқыс жағдай табан астында орын алатыны белгілі ғой. Осыдан біраз уақыт бұрын, Қаскелең қаласының тұрғыны Ләззат Нұрмахамбетова жолдасы екеуі көршілес Жамбыл ауданынан қонақтан келе жатып, осы Қарасай ауданындағы Бекболат ауылына туысқандарының үйіне бұрылады. Осы кезде жұбайын ит қауып, тісі тамырды кесіп кетіпті…

  • – Қараңғыда абдырап,  аяғын қатты байлап, қанды тоқтатқандай болып, бірден ауруханаға тарттым. Қаскелеңдегі аудандық орталық ауруханаға келіп, қабылдау бөлімшесіне кіргеннен дәрігерлер жылдам іске кірісті. Қажетті ем-домды жасап, жарақат таңу бөлімшесіне науқасты жатқызды. Тіс тура аяқтағы күре тамырға тиген соң, жолдасым біраз орнынан тұрмай, төсекте жатты. Не айтары бар, әуелі Алланың, сосын, он күн бойы ақ желеңді абзал жандардың жақсы қарауының арқасында жұбайым тәуір болды. Бірақ, ит қабуға қатысты барлық екпелерден де өтіп, талдамалар да жасатуымызға тура келді. Кейде, сол бізге үлкен зиян шектірген хайуанның әлі де бостандықта, емін-еркін жүргенін естіп, қатты алаңдаймын. Мұндай жағдайларға тиісті органдар бей-жай қарамаса деп ойлаймын… – деген Ләззат Нұрмахамбетова сөзінің соңында, сол кезде жедел көмек көрсетіп, қиын жағдайда жақсы қолдау көрсеткен травматология бөлімінің меңгерушісі Алтай Достияровқа, емдеуші дәрігер болған Жамбыл Бердалиевке, жалпы Қарасай аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне үлкен алғысын айтып, еңбектеріне жеміс, жақындарына тек амандық тіледі.
Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях