«Жыл үздігі – 2021» байқауына өтінімдер қабылдау басталды    

«Жыл үздігі – 2021» байқауына өтінімдер қабылдау басталды     

Қарасай ауданы әкімінің «Жыл үздігі – 2021»  жастар сыйлығына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды   karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Сыйлыққа үміткер ретінде  бір салада жетістіктерге жеткен, облыстық, аудандық байқаулар жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысатын, білімді, креативті ойлайтын Қарасай ауданының 14-тен 30 жасқа дейінгі жастары қатыса алады.  Олар төменгі номинациялар бойынша бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, олар  «Үздік жас мемлекеттік қызметші»,  «Үздік жас әскери қызметкер»,  «Үздік жас дәрігер»,  «Үздік жас ұстаз»,  «Үздік жас ғалым», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас журналист», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас батыр», «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы», «Үздік жас отбасы», «Үздік жас өнерпаз», «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы», «Үздік студент», «Үздік ерікті»,  «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жыл үздігі»,  «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы», «Үздік жас саясаткер»,  «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік жетекшісі», «Үздік жас әдебиетші».

Үміткерлердің өтінімдері Қарасай ауданы әкімдігінің үшінші қабатындағы, 56-кабинетінде қабылданады. Құжаттар ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін жіберілуі тиіс.

Мекенжайы: Абылайхан көшесі №213, байланыс телефоны 87074278199.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях