«Жомарттық – рухтың байлығы» қайырымдылық шарасы

«Жомарттық – рухтың байлығы» қайырымдылық шарасы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және оның ішіндегі «Туған жер» бағыты аясында «Жомарттық – рухтың байлығы» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Онда кәсіпкерлік бөлімінің бастамасымен үш қайырымды жомарт кәсіпкер демеушілік жасап бес отбасына материалдық көмек көрсетті.

Жалпы, бұл игі істің барысында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақшолпан Қайратқызы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Қиылбаева демеушілер алып берген сыйлықтарды Қаскелең қаласында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы бес отбасына табыстады. Атап айтқанда, Қаскелең қаласындағы «Дельфин» сауықтыру кешенінің басшылары 3 отбасының балаларын 12 рет орталыққа тегін келе алатын абонементпен қамтамасыз етсе, «Жаңыл» өндірістік кооперативінің жетекшілері 2 отбасының бүлдіршіндеріне қажетті қыстық киімдерін жеткізді. Ал, «Браво» сауда орталығының басшылығы осы мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін алып берді. Ия, мұның өзі біздің аудандағы кәсіпкерлердің әрдайым қайырымдылыққа, жақсылыққа жақын екенін білдіреді. Шара соңында, көмек алған азаматшалардың барлығы алғыстарын айтып, өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях