Жолдың салынуы үш жер теліміне байланысты  

Жолдың салынуы үш жер теліміне байланысты   

«Aport» сауда-ойын-сауық орталығының маңайындағы тұрғындар жолдың жөнделуін әлі күнге дейін талап етіп келеді. Бұл мәселе бүгінгі аудан басшысы Жандарбек Ермекұлының кезекті есептік жиынында тағы талқыланды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Орталық көшесі «Жаңа жұлдыз» аталғанымен жергілікті халық бұл жерді 4-ші және 7-ші квартал деп атап кеткен. Мұндағы жолдың жоқтығы – талайдан бері талқыланып келе жатқан мәселе. Алайда осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Айдын Әуесбайдың айтуынша, көшенің сапалы жөнделуіне осы маңда орналасқан үш үйдің учаскесі кедергі келтіруде.

Егер қожайындары ерікті түрде жер телімдерінің жеткілікті мөлшерінен заңды түрде бас тартып, жолдың жөнделуіне бөліп берсе, бұл мәселе оңды шешіледі. Сондықтан көршілер қауымы өзара келісімге келуі тиіс. Олай болмаған жағдайда жол салынудың басқа жолы қарастырылады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях