Жолдар жөнделе бастады

Жолдар жөнделе бастады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазіргі таңда аудан көлемінде Қаскелең қаласы мен өзге де бірқатар елді мекендердің жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, осы аптада аудан орталығының кейбір, атап айтқанда, Қарасай батыр, Төле би, Жанғозин, Асқаров, Мақашев, Байғазиев, Өмірәлі, Бөгенбай батыр сияқты негізгі көшелерін, «Алтын ауыл» ықшам ауданының Бәйдібек көшесін тегістеу басталып кеткен. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «ДРСУ – 8» ЖШС өз жауапкершілігіне алған.

Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан бойынша тағы он көше орташа жөндеуден өтпек. Яғни, оларға жол белгілері, жаяу жүргінші жолақтары қоса қойылады. Барлығы 9,3 шақырымды құрайтын бұл жұмыстарға 357 млн 231 мың теңге қаражат бөлінген. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде.

Бұдан бөлек, мамыр айында Шамалған ауылындағы Жібек жолы мен Мақатаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылады. Ол істі мердігер мекеме «KazRosLtd-kz» 3 млн-ға таяу қаражыға жүзеге асырмақ.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях