«Жолда қабылдау» республикалық акциясы аудандық полиция басқармасының фронт-офисінде де жалғасын тапты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Аталмыш акция кеше аудандық ХҚКО-да бастау алған болатын. Полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара бүгін аудандық полиция басқармасының жанындағы фронт-офисінде де өткізілді. Акция барысында 15 адам қабылданып, олардың тараптарынан заң бұзушылыққа қарсы және жол ережесіне қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Ал, полиция қызметкерлері көлік жүргізушілер мен басқа да мәселелерімен келген келушілердің сұрақтарына заң аясында жауап беріп, кеңестерін де жеткізді.