Алматы қаласындағы жол-көлік апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылымен Розыбакиев көшесінің қиылысында орын алған. Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, «LADA Granta» жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ағашқа соғылып, одан бетоннан жасалған қоршауға келіп тірелген.
Апаттың салдарынан көлікте болған жүргізуші де, жолаушы да оқиға орнында ажал құшты.