Жол апатынан 12 адам зардап шекті

Жол апатынан 12 адам зардап шекті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Кеше ауданымызда жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысынан, жан түршігерлік жол көлік апаты орын алды. Қайғылы жағдай Алматы-Бішкек трассасының бойында тіркеліп, 12 адам жарақат алған. Адам шығыны жоқ. Қарасай аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Анель Тұрсынқызының айтуы бойынша, жарақаттанған тоғыз адам жедел жәрдеммен жеткізіліп, қалған үшеуі өз көліктерімен келген. Зардап шеккендердің жетеуі ауруханаға жатқызылып, бесеуі жарақат бөлімінде болса, екі бала жан сақтау бөлімшесіне орналастырылған. Қазір бір баланың жағдайы өте ауыр.

Еске сала кетсек, өткен жылы мұндай жағдай аталмыш трассаның 109-шы шақырымында болған. Бірақ ол кезде апат жеті адамның өмірін қиған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях