Жібек жолы ауылының аумағындағы теміржол өткелі толық жабылады

Жібек жолы ауылының аумағындағы теміржол өткелі толық жабылады

Жібек жолы ауылының аумағындағы теміржол өткелі 1 наурыздан бастап толық жабылады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Қарасай ауданының аумағындағы Жібек жолы ауылы арқылы өтетін теміржол өткелінде қаншама жыл ұзын-сонар көлік кептелісі болғаны белгілі. Бұл мәселені шешу үшін 2020 жылы аталған елді мекеннің маңынан айналмалы жолдың құрылысы басталып, өткен жылы қолданысқа берілген болатын. Жобаның жұмысы толық аяқталғандықтан, қазіргі таңда көліктер айналмалы жолдың бойымен қозғалуда. Сондықтан ауыл ішіндегі теміржол өткелі арқылы көліктердің өтуі тоқтатылады.

Ресми түрде айтқанда, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның ақпаратына сәйкес және басқарма төрағасы орынбасарының бұйрығымен айналмалы жолдың қолданысқа берілуіне байланысты 2025 жылдың 1 наурызынан бастап Жібек жолы ауылы Р.Байжарасов көшесінің бойында орналасқан теміржол өткелі толық жабылады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях