Жетісулық жастар Еріктілер жылын атап өтті

Жетісулық жастар Еріктілер жылын атап өтті

Еліміз бойынша Алматы облысының жастары Волонтер жылын алғашқылардың бірі болып атап өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымында жария болды.

Кеше Талдықорған қаласында Волонтер жылына орай ерікті жастардың алғашқы форумы ұйымдастырылған болатын. Салтанатты шараның аясында алдымен Жастарға қызмет көрсету орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева ерікті жастармен кездесіп, олардың ерекше идеяға толы жобаларымен танысты. Олардың қатарында біздің аудандық Жастар ресурстық орталығы тарапынан ұсынған «Қолөнер оқыту курсы» атты жобасы бар екенін де ерекше айтуға болады. Аталған жұмысты орталықтың жетекшісі Айжан Балажанова жан-жақты таныстырып, оның мақсаты мен өзектілігіне ерекше тоқталды.

Өз кезегінде жиынды жүргізіп отырған Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас еріктілік қасиеттің қандай болу керектігін айтып, уақытты бос өткізбеуге шақырды. Басқосу барысында жоғарыда айтып кеткендей, облысымыздың 17 ауданы мен үш қаласынан келген жастардың тың жаңалыққа толы жобалары назарға ұсынылды. Ал, Зағипа Яхияқызы барлық жұмыстарға ерекше мән беріп, тыңдап, олардың қай-қайсы болмасын Жетісу өңірінде ғана іске аспай, республика көлемінде де жүзеге асырылу керектігін жеткізді.

[su_custom_gallery source=»media: 15130,15131,15132,15134″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Осындай жылы жүздесуден кейін Жастар спорт сарайында «Біз біргеміз!» атты Волонтер жылының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. Облыс басшысы Амандық Баталов арнайы қатысқан қуанышты басқосуда Серік Есматов, Жандарбек Бұлғақов, Мақпал Мыса сынды есімдері елге белгілі дарынды, жігерлі жастар қатысып, жігерлі ойларын жеткізді. Сондай-ақ, шара барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зағипа Балиева, Омархан Өксікбаев, Ерсұлтан Бектұрғанов, Марат Бопазовтар сөз алып, елдің ертеңі жастар және оларға артылар сенім де жоғары екенін айрықша атап өтті. Ал, елімізге танымал әнші Сәкен Майғазиев еріктілердің ерлігі бұрыннан қалыптасып қалған дәстүр екенін айта келе, жетімін жылатпаған бекзат жұрттың есігінен аттаған бұл жыл тек жақсылыққа бастасын теген тілегін білдірді.

[su_custom_gallery source=»media: 15135,15136,15137,15139″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Салтанатты шараның соңы Мадина Садуақасова, Қуандық Рахым, «Renzo» тобы сияқты экстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях