ЖЕТІСУЛЫҚТАР АРЫСТАҒЫ 157 ҮЙДІ ЖӨНДЕП ЖАТЫР

ЖЕТІСУЛЫҚТАР АРЫСТАҒЫ 157 ҮЙДІ ЖӨНДЕП ЖАТЫР

Sorry, this entry is only available in Русский.

Алматы облысы тарапынан Арыстағы 157 жекеменшік үй қалпына келтіріледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта көмекке қол ұшын созған жетісулықтар Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп те кетті. Ол жайында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеме жасап, түсіндіріп өтті.

– Шаһарды қалпына келтіру бойынша еліміздің әр облысы және республикалық маңызы бар қалаларға арнайы учаскелер берілді. Бізге №15 учаске берілді. Бұл ауданда 29 көшеде  9 әлеуметтік, 14 коммерциялық нысан мен 854 жекеменшік тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 157 жекеменшік үй облыс тарапынан қалпына келтірілетін болады. Бүгінгі күні жұмыстың жоспары жасалып, ауқымы анықталуда, – дейді облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы аталған нысандарға қатысты жұмыстарды жүзеге асыру үшін бір айдың ішінде құрылыстың бітетінін айтып, орынбасары Л.Тұрлашов сол жерге 3-4 құрылыс компаниясын мен мамандарды алып барғанын мәлімдеп, былай деді: «Лаззат Мақатұлы арнайы штаб құрды. Қазір әр үйді, әр нысандарға текхникалық тексеру жүргізіп жатыр. Қай жерде шатыр кетен, қай жерде терезе түсіп қалған. Қай жерде қабырғалары құлаған – солардың барлығын ретке келтіру мақсатында жұмысқа кірісіп кетті».

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях