Жетісудің нар тұлғасы

Sorry, this entry is only available in Русский.

Аудандық мәдениет үйінде «Жетісудың нар тұлғасы» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

ХХ ғасырдың І жартысында қазақ халқының тарихында терең із қалдырған Ораз Жандосовтың туғанына биыл 120 жыл, сондай-ақ, осындай жалынды тұлға дүниеге келген біздің Қарасай ауданына – биыл 90 жыл толып отыр.

Осыған орай, бүгін аудандық мәдениет үйінде «Жетісудің нар тұлғасы» атты еске алу кеші өтіп, мемлекет қайраткердің ұрпақтары, кітапхана қызметкерлері, Санжар Жандосов атындағы колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты. Қалалық №1 кітапхана мен С.Жандосов атындағы колледж ұйымдастырған кештің мақсаты – еліміздің болашағы – жастарды қазақтың биік тұлғасы Ораз Қиқымұлының өмірбаяны мен қызмет жолдарын таныстыру.

[su_custom_gallery source=»media: 8518,8519,8520,8521″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Кеш барысында колледж білімгерлері жазушы – Жүсіпбек Арыстановтың «Сұңқар да жерді мекендейді» деп аталатын кітабынан алынған «Дауылдан соңғы дүрбелең» атты әңгімедегі үзіндіні арқау етіп, көрініс көрсетті. Бұдан бөлек, студенттер О. Жандосовқа арналған ақын-жазушылардың арнау өлеңдерін оқыса,  ал, «Гүлнәз» би ансамблі әртүрлі ұлттардың биін биледі. Сондай-ақ, басқа да колледж жастары кештің ажарын ашып, әннен шашу шашты.

Басқосуға құрметті қонақ ретінде шақырылған О.Жандосовтың ұрпақтары студентермен өздерінің аталары жайлы біраз қызықты әңгімелерімен бөлісіп, білімгерлер мен бүгінгі кешті ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях