Туған жерінің өркендеуіне аянбай еңбек еткен, баспасөздің жанашыры Гүлжиян Мағданқызы Сулейменова қайтыс болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы 7-su.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Гүлжиян Мағданқызы – ұзақ жыл идеология саласын басқарған білікті мамандардың бірі. Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасын басқарып отырған уақытында облыстық «Жетісу» газетінің шынайы жанашыры бола білді.
Гүлжиян Сүлейменова қызметтік жолын кеңестік кезеңдегі Күрті ауданынан бастаған. Кейін облыстағы Еңбекшіқазақ, Іле, Панфилов, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында жалғастырып, саясат саласындағы тәжірибесінің арқасында елдегі бірқатар мәселелердің шешілуіне атсалысты.
Құрметті демалысқа шықса да ақпарат айдынынан алыс кетпеді. Соңғы он жыл ішінде республикалық «Кәсіпкер» журналын ашып, соған басшылық етті.