Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Арыс тұрғындарына арналып Жетісу өңірінен жиналған алғашқы гуманитарлық көмектің 8 жүк машинасынан құралған керуені Түркістан облысына аттанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Қиын сәттерде халықтың бірлігі бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар үшін аса маңызды. Жетісулықтар Арыс қаласында зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында 23 арнайы көмек қабылдау пунктін ашқан. Ол жерлерде өңірдегі жиырмаға жуық ірі компания,
мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары, тұрғындар жан-жақты шамаларына қарай қажетті заттарды әкеліп тапсырған. Нәтижесінде 60 миллион теңгеге жуық соманы құрайтын гуманитарлық көмек заттары жинақталған. Атап айтқанда, 7 тонна қант, күріш пен тез дайындалатын тағам түрлері, балаларға арналған тамақтар, екі жүк машинасына тиелген құрылыс материалдары, киім-кешектер, сусындар, нәрестелерге арналған жаялықтар жіберілді.
[su_custom_gallery source=»media: 10853,10854,10855″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Оған қоса ауданымызда орналасқан «АзияАгроФуд» крахмал-сірне зауытынан 15 тонна ұн өнімі көлікпен аттандырылды.
[su_custom_gallery source=»media: 10856,10857″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Бұдан бөлек облыс орталығында 150 бала 10 күндік демалыс лагеріне қабылданатын болады.
Сонымен қатар Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен бюджеттік мекеме қызметкерлері бір күндік жалақысын зардап шеккен арыстықтарға аударуды шешті. Алдағы уақытта мұндай қайырымдылық шаралар жалғасын табатын болады.
Түркістан облысындағы жағдайға көмек көрсетемін деушілерге төмендегі реквизиттер ұсынамыз:
«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры, реквизиттері:
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 «А» ғимараты
пошта индексі: 161200
БСН (БИН) – 100440016000 «Forte bank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) -KZ7196528F0007014540 БСК (БИК) – IRTYKZKA.