Жерлесіміз облыстағы үздік жас көшбасшылар қатарында  

Жерлесіміз облыстағы үздік жас көшбасшылар қатарында   

Қарасайлық Ақерке Чуленбаева « Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» номинациясына ие болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қалыптасқан дәстүрге сай Тұңғыш Президент күні қарсаңында күні кеше Жетісудың үздік жастары анықталып, жеңімпаздарға «Көшбасшы – 2021» сыйлығы табысталды. Бұл жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов қатысты.   Білім, ғылым, спорт, мәдениет және басқа түрлі салада жемісті еңбек еткен 20 белсенді жастардың марапаттарын Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов табыс етті.  Олардың ішінде Қарасай ауданының абыройын арттырған, « Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» атанған Ақерке Чуленбаева да бар. Өз саланын жетілдірсем деп жүрген жерлесіміз облыс басшысының арнайы жүлдесіне ие болды. Үздіктердің қатарынан табылған Ақерке Берікқызы арнайы диплом мен 250 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Жетісулық жастардың арасынан топ жарып шыққан қарасайлық Ақерке жайлы қысқаша айтып өтсек. Жас маман бүгінде ауданымыздағы Бірінші Май ауылдық округі әкімдігінде әдіскер-нұсқаушы  лауызымында еңбек етуде.  Ол жоғары білімді, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі мен Нархоз университетін «бугалтер және есепші» мамандығы бойынша тәмамдаған. Аталған округте 2018 жылдан бастап жемісті жұмыс істеп жатыр.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях