Жер мәселесі талқыланды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің кеңесшісі Нұржан Сатубековтың төрағалығымен жер заңнамасының талапқа сай орындалуын қатаң бақылауда ұстап, оны өрескел бұзуға жол бермеу мәселелері талқыланған жиын өтті. Жиналысқа аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, аудандық әділет басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясының аудандық бөлімінің басшылары, қала және ауылдық округі әкімдері мен іс меңгерушілері қатысты.

Кездесу барысында ауданда орын алатын жер заңнамасы саласындағы мәселелер, соның ішінде, мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп алуға қатысты сұрақтар, бұдан басқа, рұқсатсыз үй құрылысы, қызыл жолаққа түскен үйлердің құжаттарын рәсімдеу мәселелері мен елді мекен бас жоспарының талаптарын бұзып, тиісті аумақтан шығып құрылыс жүргізу проблемалары талқыланды. Мұнан кейін, сөз тізгінін қолына алған аудан әкімінің кеңесшісі Нұржан Алмабайұлы талқыға салынған тақырып бойынша тиісті мекеме басшыларына сұрақтар қойып, кейбіріне нақты тапсырмалар да жүктеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях