Жер мәселесі сөз етілді  

Жер мәселесі сөз етілді   

Sorry, this entry is only available in Русский.

Дәл осы күні түстен кейін  «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың шешімін таппаған ауқымды сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аталмыш жиынға қаралатын мәселелер бойынша ауылдық округтердің әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысты. Ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша бірнеше түйіткілді мәселелер қозғалып, кейбір шаруалардың түйіні шешілді. Нақты айтқанда қабылдауға жазылған азаматтардың басым көпшілігі жер телімдерінің мәселесімен келген. Одан бөлек, жиын барысында Қазақстан азаматтығының  алу жөнінде, қоғамдық көліктердің маршрутына қатысты сұрақтар қойылды.

Жоғарыда айтылған бірқатар мәселелеріне тиісті бөлім басшылары өз жауаптарын жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімдері өз тұрғындарының өтініштерін ескеріп, мүмкіндігінше шешімі табылатындарын да атап айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях