Желтоқсан мен қаңтарда қалай демаламыз?

Желтоқсан мен қаңтарда қалай демаламыз?

2021 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Желтоқсан айында екі мереке бар – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні.

Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда тойланады және сәрсенбіге сәйкес келді. Бұл күні ел тұрғындары алғашқы демалыс күнін өткізеді.

Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады. Екі мерекеден кейін бірден екі тұрақты демалыс болады – сенбі және жексенбі, яғни, 18 және 19 желтоқсан.

31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні болып саналады. Өйтені, 2021 жылдың соңғы күні жұмаға сәйкес келеді.

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар 4 күн қатарынан, яғни, 1, 2, 3 және 4 қаңтар күндері демалады.

Рождество, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келгендіктен, демалыс күндері үш күнге созылады.

Жалпы, 2022 жылы қазақстандықтар барлығы 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях