Жедел жеткізу қызметі бар дүкен

Жедел жеткізу қызметі бар дүкен

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазіргі таңда, елімізде заманауи технологиялардың дамуы халыққа сапалы қызмет көрсетудің оңтайлы жолына айналды. Әсірісе, бүгінде, көптеген кәсіпкерлер электронды сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы өз тауарларын сатуға өте үлкен мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар тұтынушылардың уақытын үнемдеу үшін, тауарын үйінің есігінің алдына дейін тегін жеткізіп беретін қызметтерінде қосқан. Мәселен, біздің ауданда жоғарыда айтылғандарды талаптарға сай, қарасайлықтарға сапалы қызмет көрсетіп жүрген «Easy Food» жаңа азық-түлік дүкені жұмыс істеуде.

Қаскелең қаласының «Ынтымақ» базарында орналасқан бұл сауда нүктенің ерекшелігі де электронды сайт арқылы тұрғындарға қажетті тауарын тегін, әрі жедел жеткізіп беруінде. Дүкеннің атқарушы директоры Әсет Самарқан айтуынша, қазіргі таңда, тұрақты тұтынушыларының саны артып келеді. Қазірдің өзінде, 70-ке жуық үй мен 15-тей шағын дүкен бар. Әсіресе, олардың қатарын үйде отырған жас аналар мен зейнеткердер құрайды екен. Себебі, уақтын үнемдеуді қалайтын және сауда нүктелеріне баруға мүмкіндігі жоқ тұрғындарға бұл қызмет түрі өте ыңғайлы.

Осы кәсіптің құрылтайшысы Қуаныш Шаханов Елбасы жүзеге асыруды мақсат еткен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының ауданымызда да кең көлемде көрініс табуына өзіндік үлесін қосуға ниетті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях